KZ
Өскемен
-11°
туман жел 1 м/с, СБ
502.47 525.83 5.68

Бұл күні онкология орталығы жолдамасыз қабылдайды

29.07.2022, 09:36 140

Облыстық оноклогия және хирургия көпсалалы орталығында «Ашық есік» күні болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Іс-шара 30 шілде күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін өткізіледі.

– Бұл жолы іс-шара лор органдарының, қалқанша безі, өкпе қатерлі ісігінің алдын-алуға бағытталған. Емхана дәрігерінің жолдамасы қажет емес! Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңізді алып келіңіз, – деп мәлімдеді көпсалалы орталықтың мамандары.

Облыстық оноклогия және хирургия көпсалалы орталығы Потанин көшесі, 6, 1 корпуста орналасқан (консультативтік-диагностикалық ғимарат).

Толығырақ ақпаратты +7(7232) 48-91-51, 8 778 003-78-45 нөмірлері арқылы біле аласыздар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу