KZ
Өскемен
+27°
переменная облачность жел 1 м/с, С
450.79 482.21 5.05

Тәуелсіздік күніне орай Аягөзде 600 орындық мектеп ашылды

14.12.2018, 04:50 202

Тәуелсіздік күніне орай Аягөз ауданында 600 орындық мектеп ашылды. Аталмыш мектептің құрылысын жүргізген мердігер компания «Алау» ЖШС. Жобаның жалпы құны 1011,1 млн.теңгені құрайды. Бұл «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынған екінші мектеп.


Мектептің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Серік Ақтанов, Аягөз ауданының әкімі Бақытжан Байахметов, ауданның ақсақалдары, әскери бөлім командирлері мен қызметкерлері, қалашық тұрғындары қатысты.


Әйгерім Омарбекқызы, ата-ана: «Біздің балаларға арнап осындай сәулетті мектеп салып бергеніне өте қуаныштымыз. Заман талабына сай, барлық қажетті құрал жабдықтары бар. Бұрыңғы мектеп балалар үшін тар болатын, енді міне кең әрі жайлы мектепте оқитын болды. Қандай тамаша! Мен өзім әскери қызметкермін. Оның үстіне балалар үш ауысымда оқып жүргені біраз қиналтушы еді. Енді жаңа мектептің ашылуы балалардың уақытын оңтайландыратын болды.


Жаңа мектептің ашылуы үш ауысымды білім алу сынды өткір мәселені толығымен шешті. Сондай-ақ Оңтүстік қалашықта тұрғындар саны күн санап артып келе жатқандықтан үлкен бала-бақшаның қажеттілігі туындады. Сол себепті, бұрыңғы №4 орта мектеп ғимаратын бала-бақша ретінде қайта құру үшін жобалық сметалық құжаттары әзірленуде. Дегенмен, ауданда бала-бақшада орын тапшылығы жоқ.


Бұл өңірде білім саласына ерекше мән беріледі. Мысалы, тек осы жылы мектептерді қажетті техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 95 902,0 теңге бөлінді.


"Менің мектебім" акциясы бойынша жергілікті кәсіпкерлер облыстық «Парыз» қорына 29 млн теңге жинады. Аталмыш акция аясында 4 химия, 3 физика, 9 биология, 19 робототехника кабинеттері ашылды.


Сондай-ақ биыл мектептерді ағымдағы жөндеуден өткізу үшін жергілікті бюджеттен 128639.9 теңге қаражат бөлінді.


Мұның барлығы оқушылардың білім сапасына оң ықпал етті. Аягөз ауданының облыста ҰБТ бойынша 94,2 % көрсеткішімен 2 орында тұр. Сонымен қатар биыл «Алтын белгі» алған түлектер саны 108, ал «Үздік аттестатқа» бітіргендер саны 104. Бұл 2015 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда шамамен 4 есеге көп.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив