KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 2 м/с, Ю
481.84 531.33 5.07

Бесқарағайлық оқушы 700 мың теңгенің грантын ұтып алды

7.12.2018, 08:37 158

Өскеменде жалауы желбіреген «DIGITAL EAST – БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ» IT-форумында, бесқарағайлық Әділ Молдабаевтың StartUP жобасы үздіктер қатарынан табылды.


Жиында отандық IT саласының авангардистері бас қосқан еді.


Мұнда денсаулық сақтау, білім беру, экология, мәдениет, құрылыс және туризм сынды бірнеше салаларды қамтитын жобалар ұсынылды. Әділ қазылар ұзын саны 30-дан аса жұмысты пысықтады. Соның ішінен тек 6-на ғана грант бұйырыпты.


Сол секілді қазылар мектеп оқушылары мен студенттердің де StartUP жобаларын бағамдап көрді. Байқауға түскен он жұмыстың түгелі дерлік мақтауға лайық деп танылды. Солардың арасынан бесқарағайлық 10-шы сынып оқушысы Әділ Молдабаевтың бастамасыда оң бағаға ие болды. Атап айтсақ, Үлкен Владимировка орта мектебінің тәрбиеленушісі «Қоғамдық көліктегі дауыстық басқару» жұмысын қорғап шықты.


Әлеуметтік маңызы бар жоба назарсыз қалған жоқ. Қанатқақты бастаманы ілгерілету үшін Әділ аймақ басшысының қолынан 720 500 теңгенің сертификатын қанжығалады.


Бұл қаражатты креативті жас өнертапқыш, ғылыми бағытқа жұмсауды көздеп отыр. Айта кету керек, дарынды оқушыны байқауға ұстазы Мақсат Бекеш дайындаған екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив