KZ
Өскемен
-8°
ясно жел 1 м/с, СШ
495.95 524.37 4.98

Бұқтырманың жағасындағы бос тұрған учаскелер мемлекетке қайтарылып жатыр

6.12.2018, 09:55 73

Зырян ауданының тұрғыны саяжай салу үшін алған жерін 10 жылдан астам уақыт бойы пайдаланбаған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылайтын облыстық басқарма К. есімді азаматтан жер учаскесін мәжбүрлі түрде тартып алды.


Оның Жаңа Бұқтырма ауылы Борок шатқалындағы жер учаскесін 2007 жылдан бері арнаулы мақсатта пайдаланбағаны белгілі болды.


«Құрылыс жүргізу үшін алынған жер 3 жыл ішінде арнаулы мақсатта пайдалынылмаса, мәжбүрлі түрде қайтарылады» деді аудандық №2 соттың судьясы.


Айта кетейік, бұл шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу