KZ
Өскемен
пасмурно жел 1 м/с, С
487.24 529.34 5.02

Шығысқазақстандықтар спирттік ішімдіктерге жылына 30 млрд теңге шығындайды

23.11.2018, 10:22 92

Еліміздің өндірістік өңірлерінің бірі саналатын Шығыс Қазақстандағы басты проблемалардың бірі - спирттік ішімдіктерді қолданудың тым жоғары деңгейі. Облыс тұрғындары жыл сайын «ащы суға» 30 млрд теңге шығындайды екен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Алкогольді шамадан тыс қолдану өз кезегінде қылмыстың да артуына әкеп соқтыруда. Мәселен, ағымдағы жылда мастықпен жасалған қылмыстар санын 17 пайызға азайту мүмкін болса да, өңірде көрсеткіш әлі де жоғары деңгейде қалып отыр. Деректер бойынша, әрбір алтыншы қылмысты мас адамдар жасаған.


– Атап өтерлігі, мұндай қылмыстардың саны Өскемен мен Семейге қарағанда аудандарда әлдеқайда жоғары. Мысалы, Өскемен мен Семейде сәйкесінше, 10 және 5 пайыз болса, облыстың 11 ауданында мастық күйде жасалған қылмыс деңгейі 15-тен 30%-ды құрайды. Ал төрт өңірде бұл көрсеткіш 40 пайыздан асып кеткен. Олардың қатарында Зайсан, Катонқарағай, Шемонаиха аудандары және Курчатов қаласы бар, - деді халықпен кездесуі барысында облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Жанарбек Бақтыбаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив