27 бас сиырды Тарбағатайдан камазға тиеп әкетіп бара жатқан ұрылар ұсталды
Қарашаның екісі күні Тарбағатай ауданында 27 бас сиыр тиеген көлік тоқтатылды.
Маңырақ ауылының маңында түнгі сағат 1-де полицейлер тоқтатақан Камазда 27 бас ірі қара болған. Бір де бірінің құжаты жоқ.
Тексеру барысында күдіктілер сиырды жайылымда жүрген жерінен тиеп алғандығы анықталды. Табын иесі шығынның көлемі 8 миллион екендігін атады.
Аталған іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Айта кетейік, қазіргі уақытта облыста мал ұрлығына қатысты жедел тексеру іс-шарасы жүруде.
Оқи отырыңыз