KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
442.84 480.97 5

Зайсандықтар енді көмір сатып алмайды

2.11.2018, 10:16 134

Айнабұлақ, Қарабұлақ, Кеңсай ауылдық округтерінің тұрғындары көгілдір отынға қол жеткізді. Осылайша, қуанышқа кенеліп отырған жандар: «Енді пеш жағып, көмір сатып алмаймыз» деп дән риза.


– Көмір мен отынның бағасы қымбат. Сол себептен үйге газ тартқан тиімді. Осы орайда халыққа жағдай жасап, қолдау көрсетіп отырған аудан, облыс басшылығына жерлестерімнің атынан алғыс білдіргім келеді, - деп ағынан жарылды Айнабұлақ ауылының тұрғыны Бақытбек Саспаев.


Ресми дерек көздеріне сүйенсек, бүгінде Айнабұлақта 70, Қарабұлақта 62, Кеңсай ауылындағы 79 үйге газ тартылған. Аудан әкімі Темірбек Қасымжановтың айтуынша, ағымдағы жыл соңына дейін тоғыз елді мекен газбен толық қамтылып, 10 мың адам көгілдір отынға қол жеткізеді.


– 2020 жылға дейін аудандағы 37 елді мекеннің 18-ін газбен қамту жоспарда бар. Басты мақсат – тұрғындардың әл-ауқатын арттыру, - дейді Темірбек Қасымжанов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив