KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 2 м/с, З
481.19 538.45 5.18

Көшпелі мобильді орталықтар ауылдарда мамандарды даярлайды

25.05.2018, 11:01 150

Маусым айынан бастап ШҚО-ның шалғайда жатқан ауылдарына екі көшпелі мобильді орталықтар шығатын болады. Ондағы мамандар ауыл халқын 12 мамандық бойынша дайындайды.


ШҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Елена Старенкованың айтуынша, мұндай мобильді орталықтар арқылы электр-газбен дәнекерлеуші, жеміс-көкөніс өсіруші, электр құралдарын жөндеу мен қызмет көрсету бойынша электромонтер, аспаз-кондитер, электр-есептеуіш машиналарды реттеуші, аяқ киім тігуші және модельер-үлгіші мамандықтарын меңгеруге болады.


-2018 жылдың 1 мамырына жұмыспен қамту бойынша 13279 адам көмек сұрады. 12259 адам әр түрлі жұмыстармен қамтылды, оның 10517-сі жұмысқа тұрды, соның ішінде 6000 адам тұрақты жұмыс орнын тауып отыр, - дейді Елена Старенкова.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив