Өскеменде дүкеннен терминал ұрланды
Кеше қаладағы Крылов көшесінде орналасқан дүкендердің бірінен төлем терминалын көтеріп кетіпті. Дүкендегі күзет агенттігінің қызметкері полицияға арызданды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Ұрланған терминал кейін Орджоникидзе көшесінің бойындағы үйлердің бірінің ауласынан табылып отыр.
Осы жағдайға ұқсас тонау оқиғалары Киров және Протозанов көшелерінде де тіркелді.
Іздеу шаралары барысында 26 жастағы екі күдікті адам құрықталды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.
Оқи отырыңыз