KZ
Өскемен
+9°
ясно жел 1 м/с, С
482.86 533.17 5.08

Мемлекеттік Елтаңбаның жаңа нұсқасы заңды күшіне енді

1.11.2018, 04:16 150

Бүгіннен бастап Елтаңбаға енген өзгерістер заңды күшіне енді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Закон кз сайтын нұсқап.


Елтаңбадағы «Қазақстан» сөзі латын қарпіне ауыстырылды. «QAZAQSTAN». Бұл – Елтаңбаға енген алғашқы елеулі өзгеріс. Бұдан бұрын 2017 жылы аздаған түзетулер ғана болған еді. Нақты айтқанда, Пантон түсі халықаралық Lab түс гаммасына ауыстырылған еді.


Естеріңізде болса, 12 қыркүйек күні Ғылыми техникалық комиссияның отырысы өтіп, Мемлекеттік Елтаңбаға өзгерістер енгізу туралы шешім шыққан болатын.


Еліміздің Елтаңбасы, әмбеге аян, 1992 жылы қабылданды. Авторлары – Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уалиханов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив