KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 1 м/с, С
482.86 533.17 5.08

Қазақстанның мемлекеттік елтаңбасы өзгереді

1.10.2018, 05:40 112

2018 жылдың 1 қарашасынан бастап елімізде мемлекеттік елтаңбаның жаңартылған нұсқасы енгізіледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл туралы Инвестиция және даму министрлігі мәлімдеді. Ведомство мәліметіне сүйенсек, елтаңбадағы «Қазақстан» сөзі латын графикасымен жазылатын болады.


– 2018 жылдың 12 қыркүйегінде ғылыми-техникалық комиссия елтаңбаға өзгерту енгізуге байланысты шешімді мақұлдады. Енді мемлекеттік елтаңбадағы «Қазақстан» сөзін, латын графикасымен «Qazaqstan» деп жазатын боламыз, – делінген министрлік хабарламасында.


Бұрынғы елтаңбаларды жаңасымен ауыстыру мерзімін Мәдениет және спорт министрлігі анықтайды.


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив