KZ
Өскемен
-2°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
493.85 519.04 4.97

Семейде аукционнан түскен қаражат мүмкіндігі шектеулі балаларға бөлінді

31.10.2018, 03:46 69

Семейде Назарбаев интеллектуалдық мектебінде жылдағы дәстүрмен аукцион өтті. Түскен қаражат мүмкіндігі шектеулі балалардың еміне жұмсалмақ, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.



Аукционда мектеп оқушыларының қолөнер бұйымдары жаңа иесін тапты. Сандық, кебеже, сан алуан картиналар...



Ұйымдастырушылардың айтысынша, іс-шарадан 780 мың теңге қаражат түсіпті. Оның 500 мың теңгесі Әлеуметтік көмек көрсету орталығында көмекке зәру балалардың тізімінде тұрған 5 балаға берілді.


Ал қалған 280 мың теңге Назарбаев интеллектуалдық мектебіндегі әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан балаларға бөлінбек. Мектеп басшылығы бұл ақша 10 балаға берілетіндігін айтты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу