KZ
Өскемен
-2°
переменная облачность жел 6 м/с, ОШ
493.85 519.04 4.97

Тұғыл ауылының тұрғындары өз қауіпсіздіктеріне алаңдап отыр

29.10.2018, 08:19 239

Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылының тұрғындары өмірлерінің қауіпсіздігіне алаңдаулы, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі factum.kz сайтын нұсқап.



Тұрғындардың айтысынша, ауылда су құбыры тартылып жатқалы жарты жыл болған. Көшенің барлығы дерлік қазылған. Сөйтсе де, қазылған жерлер ешқандай қоршаусыз, ашық-шашық күйінде тұр.


Оған қоса, көшелерде жарық та жоқ.


«Өзіміздің және балалардың қауіпсіздігіне алаңдаулымыз», дейді халық.


Оған себеп болатыны, жұмыстың басты бөлігі Уәлиханов көшесіндегі «Мөлдір бұлақ» балалар бақшасының маңында жүргізіліп жатқанға ұқсайды. Терең арықтан өту үшін сым бойымен жүретін нағыз цирк әртісі болуға тура келеді.



Қазылған жерлерге мал да түсіп кетеді екен.



Ал жаңбыр жауған күні көшеде аяқ алып жүру мұң. Жерден шығарылған топырақ ми батпақ болады.


Халық аудан басшылығынан мердігерлермен мәмілеге келіп, осы жайды реттестіріп беруін сұрайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу