KZ
Өскемен
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
493.85 519.04 4.97

WhatsApp бұдан былай иесінің бет әлпетін танымаса, ашылмай қояды

24.10.2018, 08:16 77

WhatsApp әлеуметтік желісін біраз жаңғырулар күтіп тұр. Бұрынғыдан әлдеқайда қауіпсіз бола түспек, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Zakon.kz сайтын нұсқап.


Жуықта аталмыш желіге Touch ID және Face ID қосылады.


Яғни желіні ашпас бұрын адамның бет әлпеті немесе саусақ таңбасына қарап, тексеріп алады. Айта кету керек, мұны қалтафоныңыздың баптаулары (настройка) арқылы өзіңіз қосып аласыз.


Бұл жаңа қызмет iPhone-ның бірнеше түріне енгізіледі.


Тағы бір жаңалығы, сәл ертеректе бұл желіде "демалыста" деген режим пайда болатындығы айтылған. Оны іске қосқан адам хабарламаларды қабылдамайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу