KZ
Өскемен
-1°
небольшой снег жел 6 м/с, Ю
493.85 519.04 4.97

ШҚО-да жол жөндеуге инновациялық технологияларды енгізу ұсынылды

24.10.2018, 04:26 74

Қазақстандық жол зерттеулер институты Шығыс Қазақстанға жол жөндеу жұмыстарын жоспарлау кезінде инновациялық технологияларды енгізуді ұсынады, деп хабарлайды Алтайньюс.кз тілшісі.


Шығыс Қазақстан облысында жыл сайын жол жөндеу жұмыстарын қаржыландыру көлемі өсіп келеді. Тек осы жылы қаражат көлемі бір жарым есе көбейдіі. Осындай жұмыстарды сапалы жоспарлау үшін олардың ауқымын болжау қажет. Дегенмен, қазір ол қолмен жасалады. Автомобиль жолдарының сапасын зерттеу үшін «КаздорНИИ» көпфункционалды диагностикалық жүйенің арқасында жол бетінің жалпы жағдайын анықтауға болады. Мұндай технологиялар қаржыны сауатты үнемдеуге көмектеседі. Бұдан кейін деректер «Жол активтерін басқару жүйесі» арнайы электрондық дерекқорына түседі.


«КаздорНИИ» вице-президенті Азамат Жайсанбаевтың айтуынша, жол активтерін басқару жүйесі алдағы 5-10 жылға болжам жасай алады. Мемлекеттік органдарда қажетті қаржыландыру туралы түпкілікті шешім қабылданады.


Жүйе жолдардың сапасына байланысты фотосуреттерді, хабарларды жібере алатын мобильді қосымшаны әзірлеуді жоспарлап отыр. Бұдан басқа, геоақпараттық жүйе модулін орнату жоспарлануда, яғни адам жол белгілерін, автобустың немесе трамвай аялдамаларын көре алады, сондай-ақ жол бойында қызмет көрсетеді. Негізі мұндай жүйе көптеген еуропалық елдерде бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу