Түнгі Өскеменнің дүкендері архитектуралық мәнерде жарықтандырылады
Өскемендегі дүкен, кафе, ресторандар сәулетшілердің көмегімен сәнделетін болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қалалық әкімдікте коммерциялық нысандардың түнгі уақыттағы жарықтандырылуы туралы айтылды.
Қалада сауда және тамақтанатын орындар үш мыңнан асып жығылады екен. Соның бәрінің сәнмен жарықтандырылуы иелерінің міндеті, әрине. Бірақ бұл жұмысты жүргізуде бірізділік, үйлесімділік болуы керек.
Шаһар басшысы Жақсылық Омар архитектура бөлімінің мамандарына осы істі қадағалап, нысан иелеріне бағыт көрсетуді тапсырды.
Оқи отырыңыз