KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Аймақ басшысы ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесіне қатысты

19.10.2018, 04:46 128

Бородулиха ауданына жасаған іссапары барысында облыс әкімі Даниал Ахметов ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесіне қатысты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. 


Өнім өндірушілер мұнда нан-тоқаш, ет, сүт, кондитер, шұжық өнімдерін және жергілікті балды молынан әкелген екен.

Бұдан бөлек жәрмеңкеге келушілер назарына талдан, жіптен тоқылған, қолдан жасалған сан алуан кәдесыйлар, аудан табиғатын бейнелеген картиналар, ауданда өндірілетін газды бетон, ауданның өзінде басылған сапалы пималар ұсынылды.

Облыс басшысы аудан фермерлерінен өндірілген өнімді қайда өткізетіндерін сұрап білді.


– Тауарлы-сүт фермалары мен сүт қабылдау пункттерінің санын арттыру қажет. Сонымен қатар өнімдерді қайта өңдеу үшін көрші Шемонаиха ауданына тасымалдаудың қажеті жоқ. Жұмыс орындары ауданның өзінде құрылып, қаржы да ауданның өзінде қалғаны жөн, - деді облыс әкімі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив