KZ
Өскемен
-3°
небольшой снег жел 6 м/с, Ю
493.85 519.04 4.97

Өскеменде Мұратхан Кенжеханұлының кітабының тұсаукесер кеші өтіп жатыр

12.10.2018, 09:49 59

Шығыстағы сірескен сеңді бұзып, тоңды жібіткен танымал журналист, ақын, сатирик Мұратхан Кенжеханұлының "Қоңыр қалжың" атты эпиграмма жинағының тұсаукесері өтіп жатыр.


Оралхан Бөкей атындағы Өскемен қалалық кітапхананың қонақжай залы ақынның қалың оқырманына лық толы.



Кітаптың тұсауын облыстық "Дидар" газетінің бас редакторы, ақынның тілімен айтсақ, Шығыстағы журналистиканың уәлиі һәм ханы Уәлихан Тоқпатаев пен қоғам қайраткері Түсіпхан Түсіпбеков кесті.



- Мұратханның бұл жинаққа енген эпиграммалары әуелде газетіміздің бір жобасы ретінде қолға алынып еді. Міне, енді жеке жинақ болып шықты. Жазуы қанық, әрбір жанның ішіндегі пернесін тап басып айта білген, - дейді Уәлихан Тоқпатаев.



Кештің қызығын "Шабыт" студенттер театрының жастары кіргізуде. Жас әртістер ақынның кейіпкерлерінің бейнесіне еніп, оқырманды күлкіге қарық қылуда. Және қандай күлкі, көрерменнің өзі айтқандай, ойлы күлкі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу