KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, С
480.11 532.25 5.14

Әлемге әйгілі «Notre Dame de Paris» мюзиклі қазақ тілінде қойылады

8.10.2018, 09:20 259

Гиннестің рекордтар кітабына енген әлемге әйгілі «Notre Dame de Paris» мюзиклінің қазақ тіліндегі нұсқасы қойылады. Орталық Азияда тұңғыш рет! Отандық таланттарымызға әйгілі қойылымға қатысу мүмкіндігі туып отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі мәлімдеген болатын. Әлемдік қойылымға қатысу үшін вокалдық орындаушыларға кастиг жарияланды.18-38 жас аралығындағы вокалдық әншілерге арналған кастинг 8, 9,10 қазан күндері сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін «Қазақстан» орталық концерт залында өтеді.


Қатысушыларды мюзиклдің әлем мойындаған шебер, «Notre dame de Paris» авторларының бірі Р.Коччанте қабылдайды. Кастингте атақты маэстромен қатар Францияның продюсерлері де қатысады.


Айта кетсек, «Notre dame de Paris» – әлемдік мәдениеттің жауһарына айналған ерекше туынды. Бұған дейін аталмыш мюзикл әлемнің тек 9 тіліне аударылған. Енді, әйгілі туындының кейіпкерлері оныншы болып қазақ тілінде үн қатады.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив