KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 3 м/с, СБ
482.86 533.17 5.08

Елбасы «Мұғалімдер мәртебесі туралы» заң әзірлеуді тапсырды

5.10.2018, 06:00 152

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Мұғалімдердің мәртебесі туралы» заңды әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


– Келесі жылға дейін «мұғалімдердің мәртебесі туралы» заң әзірленуі тиіс деп есептеймін. Онда ұстаздар мен мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері үшін барлық жағдай қарастырылуы керек. Қазіргі уақытта мұғалімдерге барлық жұмысты сырып қойған. Сайлауды да, үгіт-насихатты да педагогтар жүргізеді. Тағы не істеуі керек?! Мұғалімдердің жұмысы жеңілдетілсін. Ұстаздарға ешкім үстеме ақы төлеп отырған жоқ. Олар сабаққа дайындалуы керек қой, – деп қадап айтты Н.Назарбаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив