KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 1,6 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Семей қаласындағы Юность кентіндегі бір ғана үйдің жылуға қарызы 6 млн. теңгеге жеткен

20.12.2012, 18:00 194


Семей қаласындағы Юность кентіндегі бір ғана үйдің жылуға қарызы 6 млн. теңгеге жеткен. Жертөле, подъезд, тіптен жеке баспана - пәтердің өзі жылыланбаған. Бұның барлығы жылу қазандықтарынан беріліп отырған жылудың далаға кетуіне әкеліп соғады. Оның үстіне жылуға берешек қарыз да қордаланып қалған, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сүйеніп.

Қаладағы бірнеше көпқабатты үйлер мен жатақханаларды аралап, ықшам аудандардағы жылу беру жағдайымен танысқан Семей шаһарының әкімі Айбек Кәрімов тұрғындармен кездесу барысында осылай деді.

Қала басшысының пікірінше, қаланы жылумен қамтамасыз етуші ЖЭО мен жылу қазандықтарының жұмыстарында ешқандай кемшілік жоқ. Оларда қажетті көмір қоры да жеткілікті. Бірақ бір ғана мәселе бар, ол - тұрғындардың салғырттығы.

- Жыл бойы қала тұрғындарына ерте көктемнен алдағы қысқы дайындықты қазірден бастауымыз керек деп ескерткенімізбен, кейбір үйлердің әлі күнге қамсыз отырғандығын көзіміз көрді. Жертөле, подъезд, тіптен жеке баспана - пәтердің өзі жылыланбаған. Бұның барлығы жылу қазандықтарынан беріліп отырған жылудың далаға кетуіне әкеліп соғады. Оның үстіне жылуға берешек қарыз да қордаланып қалған. Сондықтан менің ойымша, біз алдымен тұрғындармен жұмыс жүргізуді жақсартуымыз керек. Олардың жоғарыда атап өткен қарыздарын жабуы үшін күш салуымыз қажет - деген Айбек Кәрімов қаланы жылумен қамтамасыз ету мәселесі жергілікті атқарушы биліктің жіті назарында екендігін атай келе, тұрғындарға қысқа дайындықты ерте көктемнен бастаған жөн екендігін тағы да бір ескертіп өтті.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив