KZ
Өскемен
+23°
пасмурно жел 2 м/с, ОБ
481.84 531.33 5.07

Қазақстандықтардың саны артты

17.09.2018, 06:27 215

Қазақстанда халықтың саны 2018 жылдың 1 тамызында 18 млн. 292,7 мың адамды құрады. Өткен жылдың 1 тамызымен салыстырғанда 238,7 мың адамға немесе 1,3%-ға артқан, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Еліміздегі халық саны 18292,7 мың адам болса, оның ішінде қала халқының саны 10544,3 мың, ауыл халқы – 7748,4 мың адам екен.


2018 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығындағы дүние есігін ашқан нәрестелердің саны 228 мыңды құрайды. Осы уақыт аралығында қайтыс болғандар саны - 78 мың адам, оның ішінде 1 жасқа дейін шетінеп кеткен сәбилер – 1898.


Елге көшіп келген адамдар саны – 7306 адам, ал көшіп кеткендер - 21 894.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив