KZ
Өскемен
переменная облачность жел 2 м/с, Ю
492.22 529.38 5.03

Елімізде оқулықтар 1300 теңгеге қымбаттады

12.09.2018, 07:56 195

Жаңа оқу жылы қарсаңында елімізде оқу-анықтамалық әдебиеттердің бағасы 6,4 пайызға өскен.


Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz сарапшыларына сілтеме жасап хабарлады.


Яғни оқулық бағасы 1,3 мың теңгеге дейін қымбаттаған. ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметі бойынша 2018-2019 оқу жылы қарсаңында тек 3, 6 және 8-сынып оқушылары үшін 12 миллионнан аса оқулық сатылды. Республика бойынша оқулықтардың 92,5 пайызы өңірлерге жеткізілген көрінеді. Оқулықпен 100 пайыз қамтылған облыстар – Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Шымкент қаласы.


Дереккөз мәліметіне қарағанда, кейбір өңірлерде оқулықтар толықтай жеткізілмеген: Ақмоладағы 6 ауданға, Қостанайдағы 3 ауданға, Шығыс Қазақстан облысындағы 2 ауданға, Қызылорда облысындағы 1 ауданға оқулықтарды жеткізу мүмкіндігі болмағандықтан олар өз беттерінше жеткізіп алуы тиіс көрінеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив