KZ
Өскемен
+26°
переменная облачность жел 2 м/с, ОБ
443.44 480.51 4.88

Өскеменде есігі әдейі ашық қалдырылған "жемтік" көлікке ұры түсті

11.09.2018, 04:47 84

Өскемен тұрғыны автокөлігін бір түнге әдейі ашық қалдырып кеткен. Әлбетте ұры да дайын "астың" үстінен түскен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


7 қыркүйек күні таңғы 9 сағат шамасында Өскемен ІІБ Үлбі бөлімінің кезекші бөлімшесіне 34 жастағы қала тұрғыны шағым айтып келген. Оның сөзіне сүйенсек, көлік ішіндегі бейнетіркеу құралы, пышақ, плеер және әмиян қолды болған. Ұрлық шамамен 14 тамыз 19.00-ден ертеңгі 7 сағат аралығында болды деп топшылап отыр жапа шегуші.


Көлігін өзі ашық қалдырып кеткенін де жасырмаған ер азамат материалдық шығынын 40 мыңға бағалады.


Тұрғынның тым кеш шағым түсіргеніне қарамастан тәртіп сақшылары қылмыстың бетін ашты. Бір күн ішінде баукеспені қолға түсірді. 18 жастағы жігіт кінәсін толықтай мойындап отыр. Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив