KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
480.11 532.25 5.14

Өскемендегі Сәтпаев даңғылының бір бөлігі таяу күндері ашылады

5.09.2018, 05:51 162

Таяу күнде Сәтпаев даңғылының бір бөлігі ашылады. Жөндеу жұмыстары біртіндеп аяқталып келеді. Жол енді сегіз жолақты болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бастапқыда әр бағытта үш жолақ болады деп жоспарланған болатын. Кейінірек жобаға түзетулер енгізілген соң, жасыл аймақты алып тастап, тағы екі жолақ қосты. Енді жолдың ені 31,6 метр. Жөндеу жұмысының жалпы көлемі – 3559 метрді құрады.

Жаңа жолға үш қабат асфальт төселген. Кеуек, нығыз және ұсақтасты-мастикалық асфаль-бетон. Үшінші қабат қазан айына қарай толық салынып бітеді.


-Келесі аптада жол полициясымен қозғалыс сызбасы келісіліп, жасалынады. Екі-үш күннен кейін Байбатчин көшесінен Жібек Жолы қиылысына дейінгі аралықта екі жолақ ашық болады. Байбатчиннің қиылысы мен Сәтпаев даңғылындағы оң жақ бұрылыста жаңа бағдаршамдар пайда болады деп отыр қалалық ТҮКШ өкілдері.


– Осы жылы Байбатчин көшесіне дейінгі барлық жөндеу жұмыстарын аяқтауымыз керек. Жолдарды ашып, көшелерді жарықтандырамыз. Спорттық және балалар алаңдарын жасаймыз, – дейді Өскемен қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы Руфат Акрамов.

Байбатчин көшесі мен Жібек Жолы қиылысына дейінгі жол толық жөндеуден келесі жылы өткізіледі. Кептелістер болмас үшін Байбатчин көшесінен Комсомольский көшесіне дейін айналма жол ашылмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив