KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, В
475.18 510.72 5.47

ШҚО-да орманда адасқан зейнеткер мен немересі табылды

30.08.2018, 03:00 118

Риддерді маңынағы орманда 62 жастағы зейнеткер әйел мен 10 жастағы немересінің адасып кеткені туралы жазған едік. Саңырауқұлақ тереміз деп, жоғалып кеткен екеуі кеше аман-есен табылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Зейнеткер мен немересі орманда жол тауып, қаланың жанында орналасқан "Климовка" демалыс базасының тұсынан шыққан екен. Бұларды көріп қалған тұрғындар бірден полиция шақыртыпты.


ШҚО ТЖД ақпараты бойынша, екеуі дін аман, медициналық  жәрдемді қажет етпеген.  Түнді қалай өткізгендері және жолды қалай тауып шыққандары туралы әзірше белгісіз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив