KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

«Торпедо» Санкт-Петербордағы жарысты сәтсіз бастады

27.08.2018, 05:40 138

Өскемендік «Торпедо» хоккейшілері Ресейдің Санкт-Петербор қаласында жалауын желбіреткен В.Шилов атындағы турнирді сәтсіз бастады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Жылда жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының алдында өткізілетін дәстүрлі жарыстың биылғысына алты команда қатысуда. Турнирдің шымылдықашар ойынында айдын иелері – петерборлық «Динамоға» қарсылас атанған өскемендік ұжым 1:2 есебімен қарсыласқа жол беріп қойды. Бұл ойындағы есепті бірінші кезеңнің 15-ші минутында ресейлік команданың шабуылшысы Даниил Жарков ашса, екінші жиырмаминуттықта Андрей Бирюков есепті 2:0-ге дейін жеткізді. Бұған қонақтар жалғыз шайбамен ғана жауап бере алды. Кездесудің 37-ші минутында «Торпедо» шабуылшысы Андрей Белозеровтың қанжығасы майланды. Бұдан кейін командалар бір-бірінің қақпасына оқтын-оқтын шабуылдар ұйымдастырғанымен, таблодағы есеп матч соңына дейін өзгеріссіз қалды. 2:1, «Динамоның» пайдасына.


Айта кетейік, аталмыш турнир аясында жерлестеріміз бүгін қарағандылық «Сарыарқа» командасымен кездессе (ойынның басталуы Астана уақыты бойынша кешкі сағат 19:00-де), ертең, 28 тамызда Югра» (Ханты-Мансийск), 29 тамызда «Химик» (Воскресенск) және 30 тамызда «Металлург» (Новокузнецк) хоккейшілерімен шеберлік байқаспақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив