KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Семейлік жас жұбайлар той жасаған жоқ, есесіне жетім балаларды қуантты

14.08.2018, 05:18 136

Семейлік Нұрсұлтан Назарбаев пен Алтынай Иса үйлену тойын жасаудың орнына жетімдерге мерекелік кеш сыйлады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Жас жұбайлар заңды неке қағазына қол қойған соң, қала сыртына жол тартыпты. Екі бірдей жетімдер үйінің тәрбиеленушілері бар лагерге келіп, дастархан жайған екен. Өздерімен ерте келген әртістер қауымы  мен аниматорлар балаларға ойын-сауық ұйымдастырып, тамаша көңіл-күй сыйлапты. Екі жастың үйлену күні ақ көйлексіз, сән-салтанатсыз осылай-ақ өткен екен.



– Жұбайымыз екеуміз де үлкен әулеттен шыққанбыз. Бірақ біз үлкен той жасаудың орнына балаларды қуантқымыз келді. Бұл шешімімізбен ата-аналарымыз да келісті. Өміріміздегі ерекше күндердің бірі өзгелердікіндей дүркіреп тоймен өтпегеніне титтей де өкінбейміз, – дейді жас келін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив