KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
471.83 505.66 5.4

Өскеменде ұялы телефон алаяқтары көбейді

3.08.2018, 06:08 111

Мұндай қылмыстан зардап шеккендердің дені зейнеткерлер болып табылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


28 шілде күні полицияға 67 жастағы зейнеткер келіп, бір сағат бұрын оның ұялы телефонына белгісіз адамдардың қоңырау шалғаны туралы айтыпты. Хабарласқан адамдар оның ұлының заңды бұзғаны және көмекке зәру екенін айтып, 70 мың теңге ақша сұраған.


-Зейнеткер аталған соманы «Qiwi әмиянға» аударып жібергеннен кейін бірақ сезіктене бастайды, - деп хабарлайды Өскемен ІІБ баспасөз қызметі. – Адамдардың көпшілігі бірден туысына қоңырау шалып, мәселенің байыбына баруды ойламай қалады.


Осыған ұқсас оқиға келесі күні тағы қайталанған екен. Бұл жолы 55 жастағы қала тұрғыны жалған полицейлердің құрбаны болып, 30 мың теңгені алаяқтарға аударып жіберген.

Аталған фактілер бойынша қазір  тергеу амалдары жүргізілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив