KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
480.11 532.25 5.14

Аягөздік түлектер туған ауылына сахна сыйлады

31.07.2018, 09:01 183

«Туған жерге туыңды тік». Осы қазақы нақылды жанына ту етіп ұстаған Тарбағатай ауылдық округінің 1998 жылы бітірген түлектері өскен өлкесіне сый жасады.


Мейрам кезінде ауылда мерекелік концертті тамашалайтын сахна болмайтын. Енді бұл олқылықтың орны толды. Түлектер «Туған жер» бағдарламасы аясында құны 500 мың теңгеге жуық сахна орнатты.


Сондай-ақ бұл күн ауыл тұрғындарының есінде қалуы үшін бірқатар қазақы спорт түрінен жарыс өткізді. Қазақ күресінен түйе балуан, өгіз балуан бағыттары бойынша, сонымен қатар «қой көтеру» жарысынан мықтыларды анықтап ақшалай жүлделер тікті. Футболдан да жарыс өткізіліп, бірінші орынға –  30 мың, екінші орынға – 20 мың, үшінші орынға – 10 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар берді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив