KZ
Өскемен
+23°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
478.93 534.96 5.16

Өскемен әкімі соттың шешімімен айыппұлдан босатылды

30.07.2018, 12:03 102

Бүгін Қуат Тұмабаевқа қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі. Бұл туралы ШҚО сотында өткен баспасөз конференциясында хабарланды.


Естеріңізге сала кетсек, полиция қызметкерлері Өскемен әкімінің әрекетінен ҚР Әкімшілік кодексін бұзу фактісін анықтаған болатын. Қуат Тұмабаев Риддерде орын алған қайғылы жол апатынан кейін, бозбаланы қаққан көлікті басқарыпты. BMW Х5 маркалы бұл автокөлік Риддер әкімінің экс-орынбасары Бауыржан Құрманбаевтың тиесілі еді. Тұмабаевтың қолында азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру полисі болмағаны белгілі. Оған қатысты әкімшілік хаттама толытырылып, 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.


Алайда қала басшысы бұл хаттамамен келіспей, сотқа шағым түсіріпті. Сот оның талап арызын қанағаттандырып, сақтандыру келісім-шарты тек автокөлік иесінде ғана болады деген шешімге келіп отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив