KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Қуат Тұмабаев қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды - ІІМ

31.05.2018, 12:29 130

Риддерде әкімнің орынбасары қағып өлтірген 19 жастағы Евгений Смольниковтың әкесіне Ішкі істер министрлігі жауап берді деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


-Тергеу барысында көлікті Құрманбаевтың басқарғаны, жанында Тұмабаевтың болғаны нақты анықталды. Мас күйінде көлік басқарып отырған Құрманбаевтың жол ережесін өрескел бұзуынан жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан Смольников қаза тапты. Тергеу амалдары қолданыстағы қылмыстық-процессуалдық заңнамаға сәйкес қатаң түрде жүргізілді. Оның нәтижесі бойынша, Құрманбаевтың болған оқиғаға кінәсін дәлелдейтін жиналған деректердің негізінде қылмыстық іс Риддер қаласының прокуратурасына жолданды, - деп хабарлайды ІІМ өкілі Алмас Садубаев.


Сонымен қатар, ШҚО ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы Смольниковтың жолданымына байланысты Риддер қаласының ІІБ-нің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіле бастады.


Министрліктің хабарлауынша, Құрманбаевпен бірге полиция қызметкерлерінің қызметтік көлікпен ілесіп жүру фактісі дәлелденбеген. Сондай-ақ, БАҚ-та жарияланған бейнежазбада полиция қызметкерлері Құрманбаевтың автокөлігінің соңынан жылдамдық бұзғаны үшін еріп келе жатқаны түсірілген екен.


-Тұмабаев расымен оқиға орнынан Құрманбаевтың автокөлігімен  кетіп қалған, бұл 612 бап бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамада тіркелді. Қылмыстық заңнамаға сәйкес, Тұмабаев жол-көлік оқиғасының орнынан кеткені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды, себебі бұл әрекет үшін жауапкершілік оқиғаға себепкер болған жүргізушіге қатысты ғана қарастырылған, - дейді ІІМ-нің ресми өкілі.


Осы жол-көлік оқиғасына қатысты іс жүргізіп жүрген тергеушінің жұбайы Тұмабаевтың адвокаты болды деген факті шындыққа жанаспайды. Себебі оның адвокаты жоқ екен.


-Күдікті Құрманбаевтың қорғаушысы ШҚО Адвокаттар коллегиясының адвокаты С.П.Баржуков болып табылады, - деді Садубаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив