KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

"Алтай" екінші кездесуін де жеңіспен аяқтады

13.07.2018, 15:41 157

Облыс орталығында өтіп жатқан волейболдан қыздар командалары арасындағы клубтық Азия чемпионатында жеңілістің кермек дәмін татпаған үш ұжым бар болса, соның бірі - өскемендік "Алтай".

Юрий Панченконың шәкірттері жаңа ғана аяқталған матчта 3:1 есебімен тайбэйлік "СMFC" командасынан басым түсті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Дегенмен алтайлықтар үшін бұл кездесу сәтті басталды деп айта алмаймыз. Ойынды сылбыр бастаған алаң иелері бірінші партияда 21:25 есебімен жеңіліп қалды.


Үзілісте бас бапкер "Алтайдың" тактикасына біраз өзгертулер енгізсе керек, екінші кезеңде өскемендік команданың ойыны түрленіп сала берді. Шабуылдарының нәтижелілігі біршама артқан "Алтай" волейболшылары бұл партияны 25:18 есебімен өз пайдасына аяқтады.


Үшінші кезеңде қазақстандық команданың басымдығы тіптен айқын болды. 25:13.


Тек төртінші партияда ғана Тайбэй чемпионы есін жиіп, "Алтайға" бәлендей қарсылық көрсеткендей болды. Дегенмен, бұл кезеңде де жерлестеріміз жеңісті қолдан бермеді. 25:23.


Қорытынды есеп 3:1.


Осы жеңісінен кейін өскемендік ұжым "В" тобында жеке-дара көш бастады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив