KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 2,1 м/с, З
483.23 534.74 5.12

«Алтай» мен «Тараз» тең тарқасты

10.05.2018, 10:01 278

Футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел чемпионатының жетінші турында өз алаңында «Тараз» командасын қабылдаған семейлік «Алтай» қарсылас қақпасының кілтін таба алмай, 0:0 есебімен тең тарқасуға мәжбүр болды.


Бұл ойынның алдында ғана екі ірі жеңіске («Байқоңырды» 3:0, ал «Каспийді» 4:0 есебімен ұтты) қол жеткізген алтайлықтардың бұл жолы «Тараздың» тас қамал қорғанысын бұзуға шамалары жетпеді. «Алтай» футболшыларына тіптен қарсылас сапынан екі ойыншының қуылуы да сеп бола алмады.


Осы ойыннан кейін 13 ұпайға ие болған алтайлықтар турнир кестесіндегі үшінші орынын сақтап қалды.

Келесі кездесуін жерлестеріміз 12 мамыр, сенбі күні қонақта «Екібастұз» командасына қарсы өткізеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив