KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 0,6 м/с, С
478.16 534.92 5.18

Семейдегі ескірген жеделсатылардың барлығы тексеріліп жатыр

9.07.2018, 03:26 179

Жеделсатыда тұрып қалу, оның жиі істен шығып қалуы Семейде күнделікті көрініске айналған. Сөйтсек, бұл техниканың жарамдылық мерзімі 25 жыл екен, ал Семейдегі көппәтерлі үйлердегі жеделсатылардың жұмыс істеп тұрғанына 35 жыл болып кеткен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Әсіресе почтамттың жеделсатысына 55 жыл толыпты. Бұл туралы «Семей Лифт» ЖШС директоры Сергей Калинин мәлімдеді. «Семей Лифт» ЖШС қаладағы жеделсаты мәселесімен айналысатын үш ұйымның бірі. Қазіргі уақытта Бас прокуратура жарлығымен қаладағы жедесатылардың барлығын тексеріліп жатыр.


-Бұл тексерулер Қазақстанның барлық қалаларында жүріп жатыр,-деді ол,-себебі Астана мен Ақтөбеде қайғылы оқиғалар орын алды. Семейде де қайталануы мүмкін. Маусымның 2-сі күні ШҚО Энергетика және ТҮКШ басқармасының жетекшілігімен болған жиналыста, Семейдегі жеделсатылар облыстағы ең қауіптілер деңгейіне жатқызылған. Семей тұрғындары жеделсатыларын тексертуге қаражатты әрең-мәрең жинайды. Сондықтан олар тіпті өздерінің ескіріп кеткен жеделсатыларын ауыстыруға мүмкіндіктері жоқ. Жаңа жеделсаты барлық орналастыру жұмыстарын қосқанда 7 миллион теңге тұрады. Ондай қаражат тұрғындарда жоқ. Жекеменшік ПИК мекемелері тұрғындардың өкілдері болып саналады. Бірақ олар, жеделсаты «бізге қатыссыз» деп қашып отыр. Бізге сілтейді. Біз жедесатылардың тек техникалық ақауларын ғана тексере аламыз. Ал жеделсатының қолданылу мерзімін тұрғындардың пәтерлері қарасты ПИК-тер өз назарына алу керек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив