KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Шығыс Қазақстанның сыйлығы - Астанада ең үлкен субұрқақ іске қосылды (видео)

2.07.2018, 07:27 277

Шығыс Қазақстан облысы Астананың туған күніне фонтан сыйлады. Бұл - Елордадағы ең үлкен субұрқақ болып саналады. Мерекелік сыйлықтың  ашылу рәсіміне Президент Нұрсұлтан Назарбаев қатысты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Алып субұрқақтың формасы шеңбер тәрізді. Сыртқы диаметрі 73 метрді құрайды. Оның қақ ортасында орналасқан тайқазанның биіктігі 6,5 метр болса, алып жатқан аумағы 7,9 метрге тең. Суымыз осы қазанның ішінен қайнап шығып жатқандай көрініс береді.

«Фонтанның тағы бір ерекшелігі – ондағы су қоймасының көзден таса, жер астына жасырылғандығында. Тайқазаннан атқылаған су бейне бір құрдымға сіңіп жатқандай көрінеді. Бірақ олай емес. Ол алаңдағы сүзгіден өтіп, жасырын қоймаға жетеді», дейді Астана әкімдігінен бізге жеткен ақпарат көзі.


Айта кетейік, Ботаникалық бақтағы бұл фонтанның бағасы 938 миллион теңге қаражат екендігі күні бұрын жарияланған болатын.

Президент ерекше фонтанға оң бағасын беріп, шығысқазақстандықтарға алғыс білдірді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив