KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями Штиль
480.11 532.25 5.14

Ұлттық домбыра күні Өскеменде ерекше тойланбақ

1.07.2018, 03:42 268

Бүгін Қазақстан жұртшылығы шілденің алғашқы жексенбісі - 1 шілде күні Ұлттық домбыра күнін алғашқы рет атап өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс.


Айта кетсек, шілденің алғашқы жексенбісін ұлттық аспабымыздың төл мерекесіне айналдыру туралы шешім Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен жақында ғана белгіленген болатын. Ел Президенті ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде қоғамды одан әрі топтастыру мақсатында осындай қаулы шығарған еді.


Осыған орай Өскемен қаласында да бірқатар мерекелік шаралар реті жалғаспақ. Сағат 12.00-де этносаябақтағы композиторлар аллеясында  «Алтай» фольклорлық ансамблінің қатысуымен «Ұлы дала сазы» атты домбырашылар концерті өтеді.


19.00 ден 22.00-ге дейін Республика алаңында өскемендіктерді   «Домбыра - асыл мұра!» атты концерттік бағдарлама күтеді. Сахнада облыс әкімінің симфония оркестрі мен Байжігіт атындағы қазақ  ұлт-аспаптар оркестрі өнер көрсетуге дайын.


Өскеменге Рамазан Стамғазиев, Жарқын Шәкәрім, Айбек Бекбосынов сияқты ұлттық өнерді кеңнен насихаттап жүрген сахна саңлақтарының шақырылғаны туралы да айта кетуіміз керек.


Алаңда сонымен қатар  «Әуенді тап» сияқты домбыраға байланысты ойындар ұйымдастырылады. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар бар. Ал субұрқақатың маңайында Абай, Шәмші әндерінің әуендерімен «Ұлттық караоке» өтеді.


Қонақтар қолөнер шеберлерінің жұмыстарын тамашалап, домбыраның қалай жасалатынын көре алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив