KZ
Өскемен
облачно с прояснениями жел 1,9 м/с, ОШ
488.45 529.19 5.04

Глубокое ауданында ешкі сүтінен жасалған ірімшік өндірілетін болды

25.06.2018, 10:08 152

Алдағы уақытта дүкен сөрелерінде жаңа өнім пайда болмақ. Ол - ең пайдалы тағамдардың бірі болып табылатын ешкі сүтінен жасалған ірімшік. Оның құрамы микроэлементтерге бай әрі диеталық қасиеттері бар.


-Біз нарықты зерттеп, мониторинг жүргізу арқылы ешкі сүтінің ірімшігі аса сұранысқа ие екенін анықтадық, - дейді шаруа қожалығының иесі Архат Түркімбаев. – Әрине, оның бағасы қымбат, бірақ өте пайдалы өнім. Халық қазір ешкі ұстамайды. Сиыр сүті 120 теңге болса, ешкі сүтінің бір литрі 500 теңге тұрады. Ешкі сүтінен жасалған ірімшіктің бір келісі шамамен 3,5-4 мың теңге болады.


«Ешкі сүтін қайта өңдеу және ірімшік өндіруді ұйымдастыру» жобасы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша грант алуға ұсынылып, мақұлданған 35 бизнес-идея мен инновациялық жобалардың қатарына кіріп отыр. Мемлекеттен берілетін 3 миллион теңге көлеміндегі қаражатты кәсіпкер сүтті ешкілер мен ешкі сауатын құрал-жабдық сатып алуға жұмсамақ.


Фермердің айтуынша, ірімшік қайнатумен айналысқанына көп уақыт болған жоқ. Бас кезде ол бос тұрған цехты жалға алып, іске қосты. Қазіргі уақытта мұнда «Сулугуни» мен сүзбе ірімшік үш тоннаға дейін өндіріледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив