Қазақстанда бие сүтінен балалар тағамын өндіретін зауыт Ақмола облысында іске қосылады. Қазақ тамақтану академиясы арнайы азық-түлік биотехнологиясы зертханасының жетекшісі Юрий Синявский бұл туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Ғалымның айтуынша, жобаға отандық бизнес қатты қызығушылық танытуда. Жаңа кәсіпорын осы жылдың аяғына дейін іске қосылады. Қазір ғалымдар иммунитет көтеретін сүтті шырындар, паста тәрізді ірімшік, балалар тағамдарын жасаумен айналысуда. Бұл тағамдармен мектептер, ауруханалар, балабақшалар қамтылады.
- Құрамы жағынан ие сүті ана сүтіне өте ұқсас. Сондықтан біріншіден ана сүтін алмастыратын өнім жасауымыз керек, - деген Ю.Синявский бие сүтінен жасалған дайын балалар тағамынан бөлек, аталған за-уытта жаңа технологиямен, термиялық өңдеуден өткізілмейтін құрғақ қоспалар да өндірілетінін айтты.
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz