KZ
Өскемен
+18°
небольшой проливной дождь жел 4 м/с, ОШ
478.93 534.96 5.16

Салық төлемеген шығысқазақстандықтарға елден шығуға тыйым салынады

20.06.2018, 05:39 172

Салықтық берешегі бар азаматтардың елден шығуына шектеу қойылады. Бұдан бөлек, салықты уақытында төлемеген борышкерлерге қомақты көлемде айыппұл салынатын болады. Қанша қарыз екеніңізді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтынан біле аласыз. Басында ескерту жасалады, оған көнбегендерге қатаң жаза қолданылады.


Жер мен мүлік салығын 1 қазанға дейін, ал көлік құралдарына 31 желтоқсанға дейін салық төлеу міндетті. Егер осы талаптардың ешқайсысы орындалмайтын болса, тіпті, мүліктері де тәркіленеді.


Жалпы, Шығыс Қазақстан өңіріндегі жеке тұлғалардың салық қарызы биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап 290,6 млн. теңгені құрап отыр.


Естеріңізге сала кетейік, Кеңес Одағының батырлары және Социалистік Еңбек ері, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтары берілген адамдар, көп балалы аналар, "Батыр ана" атағын алғандар, "Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен марапатталғандар жер, мүлік және көлік салықтарынан басатылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив