KZ
Өскемен
+24°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
440.9 475.95 4.82

Өскеменде Ертіс өзеніндегі арал өртенді

18.06.2018, 02:32 148

Өскемен қаласының өрт сөндірушілері Ертіс өзенінің ортасындағы аралшықта жанып жатқан қураған шөпті өшіруді жалғастыруда. Оқиға орнына өртке қарсы қызмет өкілдерін аймақтық жедел апатты-құтқару отрядының құтқарушылары қайықпен жеткізді.


Қызыл жалын жан-жағынан сумен қоршауда тұрғандықтан қалалықтарға қауіп төндірмейді. Алайда кеше кешке өскемендіктер үшін қолайсыздықтар туғанын айта кеткен жөн. Желсіз күнде шыққан өрттің түтіні қаланың үстін жауып кетті.


Қазіргі уақытта тілсіз жау ауыздықталды. Өрт сөндірушілер отты шартылдақ пен аспалы өрт сөндіргіштердің көмегімен, қолмен өшіруге мәжбүр. Негізінен, қураған шөп жанып жатыр. Жеке құрамның 20 маманы әртүрлі учаскелерге шоғырландырылған. Жағдайды аймақтық жедел апатты-құтқару отрядының құтқарушылары қайықтан бақылауда. Шамамен алғанда 30 гектар жер өртенді.


Жауын-шашынсыз ауа-райының салдарынан облыста қураған шөптің тұтануы жиілеп кетті. Демалыс күндері ғана өртке қарсы қызмет мамандары 50 шақты дабылға шықты. Ақ мамық та жағдайды қиындатып тұр. Көптеген қалалықтар өрт қауіпсіздігі техникасын ескерместен,мамыққа от қояды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив