KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 0,5 м/с, Ю
482.86 533.17 5.08

«7-20-25» бағдарламасына жеке кәсіпкерлер де қатыса алады

30.05.2018, 09:18 194

«7-20-25» бағдарламасына жеке кәсіпкерлер де қатыса алады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Жеке кәсіпкерлердің табысы да еңбекақы ретінде есептеліп, «7-20-25» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несиеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Ұлттық банктің «Атамекен» ҰКП-на берген ресми жауабында айтылған.


«Бағдарлама кәсіпкерлік субъектілеріне шектеу қоймайды және кез-келген азаматтарға қол жетімді болады. Бағдарламаның мақсаты – еңбек немесе кәсіпкерліктен келетін тұрақты табысы бар азаматтарға отбасылық бюджетін ортайтпайтындай ипотека бере отырып, баспана мәселесін шешіп беру»,-деп жазылған ресми жауапта.


«Атамекен» ҰКП мәліметінше, олар бұл сұрақты Ұлттық банкке жеке кәсіпкерлер тарапынан түсе бастаған көптеген сұрақтарға байланысты жіберіпті. Бұған дейін коммерциялық табыс арқылы ипотекалық несиеге қол жеткізу өте қиын болғаны белгілі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив