KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 2 м/с, ОШ
480.11 532.25 5.14

Семейде «Қымызмұрындық» мерекесі өтті

1.05.2018, 08:36 172

Ерте заманнан бастап бие сауған қазақ жұртының қымызға қатысты өзіндік игі дәстүрлері жетерлік. Солардың бірі - қымызмұрындық мерекесі.


Бүгінгі таңда «Саумал», «Уыз қымыз», «Тай қымыз», «Бесті қымыз», «Шалжығар қымыз» деген сынды көптеген қымыз түрлері бар. Кейбір деректерге сүйенсек, Қазақстанда «Қымызмұрындық» алғашқы рет 1992 жылы Ақмола облысында аталып өтіпті.Қазір де бұл игі бастама жалғасын тауып, жыл сайын Еліміздің әр өңірі осы мейрамды жоғары деңгейде атап өтуге тырысады.



Ал, бүгін қаламыздағы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен бұл мереке орталық алаңда тойланып, қымызды жақсы көретін барша Семей қаласының тұрғындарына 500 литрдей қымыз тегін таратылды. Сонымен қатар, ақ жаулықты әжелеріміз ұлттық сусыннан дәм татуға келген қала жастарына қымыздың тарихы мен пайдасы туралы мол мағлұматтар айтып, осындай мерекелердің өтуі енді ғана өсіп келе жатқан жас ұрпақ үшін өте маңызды екендігін тілге тиек етті.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив