KZ
Өскемен
-4°
ясно Штиль
481.84 531.33 5.07

Әуезов кентінде Ленин сенбілік өткізді

26.04.2018, 17:39 227

Жарма ауданының Әуезов кентінде өткен сенбілікте жергілікті тұрғындарға қызыл жүйенің көсемі нұсқау беріп, белсенділік танытқандарды марапаттады. Оның атқосшысы ретінде «пулеметші Анка» мен «революцияның бас матросы» Павел Дыбенко дейтін кейіпкерлер жүр.



Ленинді «тірілткен» облыстық драма театрдың орыс труппасының әртістері екені мәлім болды. Бұл идеяның бастамашысы әрі жүзеге асырушы кен өндірумен айналысатын жергілікті алпауыт компания болып шықты.


– Бұл шараның ешқандай саяси астары жоқ. Бар болғаны елді тазалыққа шақырып, сенбілікке бір адамдай атсалыстыру үшін ұйымдастырған көрініс болатын, - дейді сенбілік ұйымдастырған кен өндіруші компанияның жұртшылықпен байланыс бойынша маманы Бейбіт Әскерханов

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив