KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

«Алтай» ел біріншілігін бесінші орында аяқтады

24.04.2018, 05:59 119

Павлодарда волейболдан ерлер командалары арасындағы Ұлттық лиганың соңғы, бесінші тур ойындары өтті. Өкінішке қарай, биылғы жарыс өскемендік «Алтай» үшін сәтті болды деп айтуға еш келмейді.


Бұған дейін қатарынан екі мәрте ел чемпионы атанған жерлестеріміз бұл жолы «Алтайдың» арулары жеткен жетістікті (ел біріншілігінің үш дүркін жеңімпазы) қайталай алмады. Қайталамақ түгілі, үздік үштікке де кірмей қалды.


Негізі, «Алтай» қорытынды есепте төртінші орынға да іліне алмайтыны күні бұрын белгілі болып қойған. Дегенмен, соңғы ойындарда намысқа тырысқан Рафаиль Гилязутдинов шәкірттері қатарынан екі рет жеңіске жетіп, психологиялық тұрғыда жағдайларын сәл де болса жақсартып алды.


Айта кетейік, соңғы екі ойынында жерлестеріміз петропавлдық «Есіл-СК» және ақтаулық «Маңғыстау» волейболшыларымен кездесіп, қарсыластарын сәйкесінше 3:2 (21:25, 24:26, 25:19, 25:17, 15:4) және 3:0 (26:24, 27:25, 25:19) есептерімен тізе бүктірді.


Ал биылғы ел чемпионы атағына «Атырау» волейболшылары қол жеткізді. Осы орайда, маусым барысында атыраулықтармен алты рет кездескен «Алтай» волейболшылар бұл ойындардың бірде-бірінде жеңіске жете алмағанын айта кеткен орынды.


Төменде биылғы ел чемпионатының қорытынды кестесін ұсынып отырмыз:


«Атырау» (Атырау) – 79 ұпай;

«Павлодар» (Павлодар) – 76 ұпай;

«ТНК-Қазхром» (Хромтау) – 67 ұпай;

«Динамо-Тараз» (Тараз) – 58 ұпай;

«Алтай» (Өскемен) – 52 ұпай;

«Буревестник» (Алматы) – 43 ұпай;

«Маңғыстау» (Ақтау) – 33 ұпай;

«Есіл-СК» (Петропавл) – 11 ұпай.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив