KZ
Өскемен
+11°
ясно жел 1,4 м/с, ОШ
480.11 532.25 5.14

Семей жастары «100 жаңа оқулық» жобасын талқылау үшін бас қосты

19.04.2018, 17:28 117

Бүгін шаһарымыздағы Достық үйінде «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын талқылау үшін қаламыздағы барлық колледждардың студенттері мен «Жастар» клубының белсенділері бас қосты.


Ұйымдастырылған шараға Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінің директоры Думанғазы Арғынғазин, Аналар кеңесінің төрайымы Нағима Мойынбаева, Достық үйінің басшысы Берік Көпбаев арнайы қатысып, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша жақында ғана қазақ тіліне аударылған 18 кітаптың жастар үшін қаншалықты маңызды екенін түсіндіріп, «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында өздерінің келелі ойларын ортағы салды.



Жиын барысында, сондай-ақ, Дерек Джонстонның «Философияның қысқаша тарихы», Энтони Кеннидің «Батыс және Антика философиясы», Сюзан Ортеганың «Әлеуметтану негіздері», Эллиот Аронсонның «Көпке ұмтылған жалғыз» деп аталатын, тағы да басқа өзге кітаптардың қысқаша мазмұны видео арқылы көрсетілді.


Бүкіл күллі дүние жүзі мойындаған саясаттанушылардың, әлеуметтанушылардың бұл еңбектерін әлемнің маңдайалды университеттері мойындаған және де адамдардың толыққанды анализ жасауына мүмкіндік беретін ғылыми бағыттағы кітаптар көпшілікке түсінікті етіп жазылғанын сөзге тиек еткеніміз жөн болар.


Айта кетейік, алдағы уақытта 18 кітап мыңдаған данамен Қазақстанның барлық қалаларындағы кітапханаларына тегін таратылатын болады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив