Шығыста ауа-райы жылынады
Еліміздің басым аймақтарында жауын-шашынның тоқталуы мен ауа температурасының көтерілуі мүмкін екен. Бұл туралы «Қазгидрометтің» ресми сайтында жарияланып отыр.
21 сәуірге қарай оңтүстікте және оңтүстік-шығыста күндізгі температура 18-23 градусқа дейін, шеткі оңтүстікте 25-28 дейін, шығыста және орталықта 13-21 дейін көтеріліп, солтүстікте 10-18 дейін жылынады.
Тек республиканың батыс облыстарында жаңбыр және сулы қар түріндегі жауын-шашын, температураның төмендеуі күтілуде.