KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 1,3 м/с, В
480.11 532.25 5.14

«100 жаңа оқулық» мемлекеттік тілді дамытуға әсер етеді

13.04.2018, 07:10 361

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Қазақстан  тарих ғылымдарының докторы Альбина Жанбосинова журналистермен кездесу өткізіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы жөнінде кеңінен әңгімелеп берді.


– Біздің университетте «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Үлкен Алтай әлемі», «Тарихты жалғастырар жарқын жолдар» атты жылнама кітабы жарық көрді. Бұдан бөлек, жыл сайын өлкетану оқулары ұйымдастырылып тұрмақ. Жалпы, қазақ ғылымының негізі сонау ХХ ғасырда қаланған болатын. Содан бері бір ғасырдан астам уақыт өтті. Өздеріңіз білетіндей, жуырда елімізде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы іске қосылды. Соған орай, Елбасының тапсырмасына сәйкес 100 оқулықты жүйелеу үшін арнайы Ұлттық аударма бюросы құрылды. Онда аударылған кітаптар ортақ базаға енгізіліп, біртіндеп бір жүйеге түсетін болады. Негізі, аталмыш жоба мемлекеттік тілді дамытуға, қазақы ортада ғылыми ұғымдарды сіңіруге ерекше әсер етпек, - дейді Альбина Жанбосинова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив