KZ
Өскемен
+1°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

Өскеменде трамвайлар кем дегенде 1-2 айдан кейін жүре бастайды

30.03.2018, 08:01 115

Бұл туралы бүгін Өскемен қалалық әкімдігінде өткен «Трамвай паркі» ЖШС-не қатысты брифингте айтылды. Естеріңізге сала кетсек, 26 ақпанда шаһарда трамвай қатынасы тоқтаған болатын. «Трамвай паркі» ЖШС қарыздарға белшесінен бастып, банкрот деп танылған. Мүлкі саудаға шығарылған.


20 наурызда ЖШС ғимараттары мен мүліктері саудаға шығарылып, оны «Ертіс» ӘКК сатып алған. Бастапқы құны 853 миллион теңге болған кәсіпорын мүлкі 443,5 миллион теңгеге дейін түсіріліп сатылды.


«Ертіс» ӘКК басқарма басшысы Антон Крамаренконың айтуынша, 26 наурызда олар мүліктерді толық қабылдап біткен. Енді мүлікті рәсімдеу, тіркеу және тұтқыннан шығару жұмыстары жүргізілуде. Сосын заңды тұлға, яғни кәсіпорын құрылады. Ол «Муниципалдық трамвай паркі» атануы ықтимал.


-Қазір 200 жұмысшыдан жалақы бойынша қарызға байланысты арыз бар. Жалпы берешек 80 миллион теңгені құрайды. Олар үш айда қалыптасқан. Келесі аптада барлық қарызды толық төлеп шығамыз, – деді Антон Крамаренко.

Трамвайлар әбден ескірген, қазір тек 14 вагон ғана жүруге қауқарлы. «Ертіс» ӘКК Алматыдан 13 қолданыста болған трамвайларды сатып алған. Олар алдағы уақытта Өскеменге жеткізілмек.


Ең бастысы, кәсіпорын ұжымы толық өз орындарында қалмақ. Бірақ, трамвайлардың нақты қашан жүре бастайтыны белгісіз. Крамаренко «кем дегенде 1-2 айдан кейін» деп мәлімдеді. Тарифтердің өзгеру-өзгермеуі де әзірше басы ашық мәселе болып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив