KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 6 м/с, ОШ
485.11 523.82 5.02

Ертіс өзеніндегі су қайта көтеріліп, тағы 75 адам қауіпсіз жерге көшірілді

29.03.2018, 09:57 112



Бұл жолы қызыл су Буксирный және Краевой көшелеріне қауіп төндірген. Азаматтық қорғаныстың ақпарат қызметіне сәйкес Краевой көшесінен 41 адам, сондай-ақ Бобровка кентінен 34 адам эвакуацияланған екен.



Бұған Түйемойнақ аралындағы сеңнің кептелісі әсер еткен. Бүгінде аралдағы жағдай біртіндеп тұрақталып келеді. Тасқын беті қайтты. Тұрғындар үйлеріне оралуда. Ал шаһардың төменгі жақтарында жағдай мәз емес. Бір орында кідіріп қалған мұздықтардың кесірінен, Ертістің арынды суы жағалаудың маңындағы жеке секторға жайылып жатыр.



Тұрғындарды көшіру жұмыстары әлі де жалғасуда. Бұл мақсатқа төтеншеліктердің отызға тақау қызметкерімен екі бірлік техникасы Бобровка елдімекеніне жөнелтіліпті. Сол сияқты адамдарды шығаруға қалалық ІІБ-ның 24 қызметкерімен бірге 7 бірлік техникасы да тартылған-ды. Қазір қауіпті сейілту үшін «Востоквзрывпром» мекемесінің мамандары жару жұмыстарын іске асыру үстінде.



Белгілі болғандай, бұл іске үш тоннадан артық жарылғыш зат пайдалынылмақ. Тағы бір айта кетерлігі кешегі тасқынның нәтижесінде 192 адам көшірілді. Оның 138-і қонақүйлерге орналастырылыпты. Сол секілді туыстарын паналаған тұрғындар да бар. Онға тарта үйді су басқан. Келтірілген залалды арнайы комиссия есептейтін болады.


[su_slider source="media: 27020,27021,27022,27023,27024"]




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив